«Мемлекеттік бюджетті түсіну өте қиын деген таным-түсінік бар. Әсіресе, қаржылық білімі жоқ адамдар расында да, бюджеттің қыр-сырын біле бермеуі мүмкін. Алайда бюджет әрбір салық төлеушіге, әрбір азаматқа түсінікті әрі ашық болуы керек деген нық пікірдемін. Әлемдік тәжірибеде азаматтық бюджет деген түсінік бар. Ол нені білдіреді? Ол бюджет қыр-сырының адамдарға түсінікті тілде жеткізілген форматы. 2011 жылдан бері міне, осы түсініктің Қазақстанда пайда болуына күш салып келеміз. 2018 жылғы бюджеттік кодексте осы түсінік заңнамалық тұрғыда еніп, барлық министрліктер мен әкімдіктер азаматтық бюджетті жариялауға міндеттелді», — дейді Шолпан Әйтенова Астанада өтіп жатқан VІІІ Азаматтық форумда.

Оның айтуына қарағанда, азаматтық бюджет Қазақстандағы әрбір салық төлеушіге түсінікті болуы тиіс.

http://lenta.inform.kz/?fbclid=IwAR0DrY_iHnoqyIYM9frIVobw_Vw7k-pHK_JpUuLcBOK3n7l4wKrvwJHJ9B0